Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының тойда құттықтау сөз сөйлеген кезінде музыканы харам деп, әншілерді шайтанның азаншысына теңеген.
фото: Polisia.kz
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар жария мәлімдеме жасаған ер адамды анықтады, деп жазады sputnik.kz.
Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының тойда құттықтау сөз сөйлеген кезінде музыканы харам деп, әншілерді шайтанның азаншысына теңеген.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
"Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға қарамастан құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз етеді. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, діни, әлеуметтік немесе өзге де белгілері бойынша кемсітуге бағытталған кез келген жария үндеулер, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлікке нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді", - дейді полицияда.
Бұған дейін ер адамның тойдағы "уағызынан" кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме жасаған болатын. Мүфтияттың хабарлауынша, ислам діні даналықпен насихат айтуға, өзгелерді ауыр сөзбен айыптамауға, біреудің ар-намысына құрметпен қарауға үндейді.


