Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Астанаға келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды.
"Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады", - делінген хабарламада.
Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.