Тоқаев: Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдауды күшейту керек

0
790

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бұл мәселелерді шешуге бизнес өкілдері мен мемлекеттік компанияларды тарту қолға алынғанын атап өтті.


Тоқаев: Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдауды күшейту керек

ERNUR.KZ. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кешенді әлеуметтік патронаттық қолдауды күшейту керек. Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Еңбек етуге ынталандырудың жаңа тәсілдеріне мән беріліп, атаулы әлеуметтік көмекті асыра пайдалану барынша азаяды. Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кешенді әлеуметтік патронаттық қолдауды күшейту керек деп санаймын. Білім алуға, жұмысқа орналасуға, тұрғын үй мәселесін шешуге арналған негізгі талаптар баршаға түсінікті болуы қажет», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бұл мәселелерді шешуге бизнес өкілдері мен мемлекеттік компанияларды тарту қолға алынғанын атап өтті.

«Осы тәжірибені басқа да өңірлерге тарату керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.