Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифаға ұзақ ғұмыр, Бахрейн халқына бақ-береке тіледі.
ERNUR.KZ. Президент Бахрейн Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Zakon.kz.
2024 жылдың 16 желтоқсанында президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифа мен оның отандастарын Бахрейн Корольдігінің ұлттық мерекесі –Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы жеделхатында Қазақстанның Бахрейнді араб әлеміндегі және Таяу Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен. Сондай-ақ дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенімді екенін жеткізген.
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифаға ұзақ ғұмыр, Бахрейн халқына бақ-береке тіледі.