ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп жазады Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі осы рәсімнен видеоны жариялады.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсеткен еді.
Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты.
Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.