​Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды

0
100

Давос алаңындағы бұл кездесу әлемдік лидерлердің бейбітшілікті сақтау жолындағы күш-жігерін біріктіруді көздейді.


​Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды

фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды, деп жазады ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Санаулы сәттерден кейін мұнда АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімі өтеді, - делінген Ақорда хабарламасында.
Бұған дейін белгілі болғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 22 қаңтарда Дональд Трамптың арнайы шақыртуымен Швейцарияға жұмыс сапарымен барды. Давос алаңындағы бұл кездесу әлемдік лидерлердің бейбітшілікті сақтау жолындағы күш-жігерін біріктіруді көздейді.