Мемлекет басшысы әлеуметтік желіде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектің бағасын заңсыз қымбаттатқан адамдарды ұстап жатыр. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда7 Ел азаматтарын дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырамын", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Өткен жексенбіде президент азаматтар аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымданып жатқанын хабарлаған болатын.
"Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеуді тапсырып, кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берді.