Тоқаев Қытайдағы этникалық қазақтардың жағдайы туралы айтты

0
1 569

Президент Синьзяньда ислам дінін ұстанатын ұйғыр мен қазаққа көрсетіліп отырған қысымға байланысты Қытай басшылығымен келісім болды ма деген сұраққа жауап берді.


Тоқаев Қытайдағы этникалық қазақтардың жағдайы туралы айтты

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Синьцзян аймағындағы этникалық қазақтарды түзеу лагерьлеріне жаппай орналастыру туралы ақпарат Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысының бір бөлігі. Үкімет басшысы Қытай қазақтарына әдейілеп осындай жағдай жасалып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Синьзяньда ислам дінін ұстанатын ұйғыр мен қазаққа көрсетіліп отырған қысымға байланысты Қытай басшылығымен келісім болды ма деген сұраққа президент аталған ақпарат тексерісті талап ететінін және бұл жағдай әдейі ушықтырылып отырғанын айтты.

Сондай-ақ, бұл жайт "геосаясаттың бір бөлігі", Қытай мен АҚШ сауда алаңында бір-бірімен мәмілеге келе алмағандығынан болды деді.

"Келісім қалай өтеді, Қытайға қарсы санкция алынып тастала ма уақыт көрсетеді. Бірақ Қазақстан антиқытайлық фронт аймағына айналмауы керек", - деді президент.

"Саяси лагерьлер туралы таралып жатқан материалдар шындыққа жанаспайды деп ойлаймын. Мүмкін қазақтар қайта тәрбиелеу мектептерінде азды-көпті жүрген шығар. Бірақ оларды күшпен қамап, қысым көрсетіп жатыр деп айту шындыққа жанаспайды", - деп жауап берді Тоқаев лагерь туралы ақпаратқа сенесіз бе деген сауалға.

Сонымен қатар, Қытай мен Қазақстан бір-бірінің ішкі мәселесіне араласпайды деген Халықаралық келісім бар екенін де атап өтті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте мемлекеттік сапармен Қытайға барып қайтқан болатын. Си Цзиньпинмен, Қытай мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен келіссөз жүргізіп қайтты.