Тоқаев Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

0
94

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.


Тоқаев Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гитанас Науседаны Литваның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілікті қалпына келтіру күнімен құттықтады.

Президент екіжақты қарым-қатынас деңгейіне жоғары баға беріп, қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаның мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Литва халқына құт-береке тіледі.