Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуыл үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды

0
147

Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды.


Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуыл үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды

Фото: Тengrinews.kz / Турар Казангапов

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырды, деп жазады tengrinews.kz.

Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдайды.

"Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге "Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек", - деп жазды Руслан Желдібай.

Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады.