Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды.
Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына Ермек Сағымбаев және орынбасары лауазымына Батырбек Байбосынов тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.