Тоқаев Минск қаласына барды

0
214

Ол Беларусь астанасында екі іс-шараға қатысады.


Тоқаев Минск қаласына барды

фото: Акорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Минск қаласына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Еуразиялық экономикалық форумға қатысу үшін Минск қаласына келді", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бұған дейінгі отырысы былтыр желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен болатын. Онда Еуразиялық экономикалық одақ мемлекет басшылары ЕАЭО халықаралық қызметінің 2025 жылға арналған негізгі бағыттарын бекітті.