Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады

0
357

Ол алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.


Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам — Бостандық күнімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы ОАР-дың саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыған ел екенін, бүгінде халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді. Президент жеделхатта Сирил Рамафосаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Оңтүстік Африка Республикасының халқына бақ-береке тіледі», — делінген Ақорда таратқан ақпаратта.