Тоқаев сотталған қазақстандықтар үшін тағы бір рақымшылық жариялады

0
104

​Қазіргі парламент жұмысын аяқтамай тұрып, тиісті заңды қабылдап кетуі керек.


Тоқаев сотталған қазақстандықтар үшін тағы бір рақымшылық жариялады

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сотталған қазақстандықтар үшін тағы бір рақымшылық жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы президент бүгін Ақордада мәлім етті.

«Өздеріңізге мәлім, былтыр қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалды. Енді азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жариялауға болады. Елімізде әкімшілік істер бойынша рақымшылық алғаш рет жасалатынын атап өткім келеді. Парламент қазіргі сессияның соңына дейін тиісті заң қабылдауы керек», - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, бұл рақымшылық – негізгі заңдағы адамгершілік идеалдары мен прогрессивті құндылықтарды қоғамда орнықтыратын маңызды қадам.