Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

0
469

Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.


Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.


"Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру бағытында берілген тапсырмалардың орындалу барысы, сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жайында есеп берді", делінген Ақорда хабарламасында.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.