Мемлекет басшысы негізгі міндеттері аясындағы шараларға қатысуда.
ERNUR.KZ. Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мәулен Әшімбаев 29 мамырдағы дебатқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қатысады, деп жазады Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мемлекет басшысы ретіндегі негізгі міндеттері аясындағы шараларға қатысуда. Үгіт-насихат жұмыстарын оның республикалық, өңірлік және аймақтық штабтары және кандидаттың сенімді тұлғалары жүргізеді.
– Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына және халықаралық деңгейдегі басқа да ілеспе шараларға қатысуда. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша оның атынан дебатқа кандидаттың сенімді өкілі, республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мәулен Әшімбаев қатысады, – деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.