Токиодан қола жүлдемен оралған 8 спортшыға мемлекеттік награда табысталды

0
396

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Токио-2020 жазғы Олимпиадасынан алтын медальсіз оралды.


Токиодан қола жүлдемен оралған 8 спортшыға мемлекеттік награда табысталды

ERNUR.KZ. Токио-2020 ХХХII Жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістігі үшін бірнеше спортшы мемлекеттік наградамен марапатталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Елдос Сметов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен;

Зүлфия Чиншанло ІІ дәрежелі «Достық» орденімен;

Дархан Асәділов, Софья Берульцева, Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, Нұрислам Санаев және Игроь Сон «Құрмет» орденімен марапатталды.

Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Токио-2020 жазғы Олимпиадасынан алтын медальсіз оралды. Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары сегіз қола медаль жеңіп алды. Елдос Сметов (дзюдо), Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло (ауыр атлеттер), Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов (боксшылар), Нұрислам Санаев (еркін күрес), Дархан Асаділов пен Софья Берульцева (каратэ) жеңіп алды.