Қалған 4 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
фото: МВД по Республике Дагестан
ERNUR.KZ. Дағыстан мемлекетінің Тарумов ауданында Қазақстан азаматының қатысуымен жол апаты болды, деп жазады sputnik.kz.
Олардың мәліметінше, Қазақстан азаматы жол апатына себепкер болған.
"22 шілде таңғы сағат 08:00-де "Кавказ" федералды автожолының 247 шақырымында Қазақстан Республикасының 39 жастағы азаматшасы басқарған "Чери-Тиго 8 про" автокөлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан Удмуртия тұрғыны басқарған "Лада-Ларгуспен" соқтығысқан", - дейді дағыстандық ведомство.
Жол апатынан 4 адам қаза болып, 4 адам ауруханаға түсті.
"Екі жүргізуші де, сондай-ақ "Ларгус" автокөлігінің 4 және 6 жастағы жолаушылары қайтыс болды. "Ларгус" көлігінің үш жолаушысы: 33 жастағы әйел және 8 және 4 жастағы балалар, сондай-ақ "Чери" көлігіндегі 15 жастағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.