Төтенше жағдайлар министрі Абай облысына барды

0
733

Қазіргі уақытта гидрологиялық жағдай тұрақты, судың мұзға шығуы байқалмайды.


Төтенше жағдайлар министрі Абай облысына барды

ERNUR.KZ Төтенше жағдайлар министрі жұмыс сапарымен Абай облысына барды, деп жазады BAQ.KZ.



Жұмыс сапары барысында министр аумақтық бөлімшелердің жұмысымен танысты. Әскери бөлімде, автожол медициналық авариялық-құтқару пунктінде, Семей қаласының өртке қарсы қызметінің тарихи мұражайында, қалалық және ауылдық өрт сөндіру бөлімшелерінде, жедел-құтқару жасағында болып, қызметкерлердің күнделікті тыныс-тіршілігін, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысын көрді.

Министр Чингис Аринов Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатовпен бірлесіп Семей өңірінің, Бородулиха және Бесқарағай аудандарының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне, сондай-ақ 2023 жылы өрт шыққан Батпаев орманшылығының аумағына аэровизуалды тексеру жүргізді.

Сонымен қатар, Шүлбі су қоймасы мен Ертіс өзеніндегі мұз жағдайын зерттеді.

Қазіргі уақытта гидрологиялық жағдай тұрақты, судың мұзға шығуы байқалмайды. Жақын маңдағы елді-мекендерді су басу қаупі жоқ.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында ол Шүлбі ГЭС-ның су тасқыны кезеңіне дайындығымен танысты.

ТЖМ басшысы хабарландыру жүйелерін жаңарту, халық арасында су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауы бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.