ТХКБ шеңберінде Қытайдан Қара теңіздегі порттарға жүктерді жеткізу мерзімі 38-53-тен 19-23 күнге дейін қысқарды.
ERNUR.KZ. Үкіметте ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп жазады zakon.kz.
Бағыттың қазақстандық бөлігіндегі белсенді жұмыстың арқасында республика аумағы бойынша транзиттік жүктердің өту мерзімі 12 күннен 6 күнге дейін, яғни, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге қысқарды.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлауынша, 2023 жылдың қорытындысында бұл көрсеткішті 5 күнге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Жалпы, ТХКБ шеңберінде Қытайдан Қара теңіздегі порттарға жүктерді жеткізу мерзімі 38-53-тен 19-23 күнге дейін қысқарды, ал осы жылдың соңына қарай 14-18 күнге жетуге тиіс.
Кеңеске қатысушылар:
- Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын одан әрі жаңғырту
- жылжымалы құрам паркін жаңарту
- сауда флотын және Ақтау мен Құрық порттарының қуатын арттыру жөніндегі шараларды талқылады.