Травматология саласында қолдануға арналған отандық импланттар әзірленіп жатыр

0
145

Отандық импланттарды әзірлеу елімізде жоғары технологиялық медициналық өндірісті дамытуға бағытталған.


Травматология саласында қолдануға арналған отандық импланттар әзірленіп жатыр

Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РК

ERNUR.KZ. Қазақстандық ғалымдар тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттарын хирургиялық жолмен емдеуге арналған жаңа медициналық импланттарды әзірлеп жатыр, деп жазады sputnik.kz.
"Бұл бастама дәрігерлердің тәжірибесін заманауи инженерлік шешімдермен, компьютерлік модельдеу, материалтану және 3D-басып шығару технологияларымен ұштастырады", - деп жазылған хабарламада.
Жобаны академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің мамандары бірлесіп жүзеге асырып жатыр.

Жоба шеңберінде қазірдің өзінде бірнеше жаңа медициналық құрылғы жасалды. Олардың қатарында:

- омыртқа ауруларын емдеуге арналған трабекулярлы омыртқааралық кейдж,
- жамбас сүйегінің күрделі сынықтары мен ауыр дисплазиялық коксартроз кезінде қолданылатын арнайы пластиналар,
- бұғана сүйегінің сынуын емдеуге және тобық үсті остеотомиясын жасауға арналған бекіткіштер бар.
Импланттардың сүйекке берік бекітілуіне және сүйек тінінің тез қалпына келуіне мүмкіндік беретін биомеханикалық қасиеттеріне ерекше назар аударылады.
"Жоба зерттеудің барлық кезеңін қамтиды. Яғни құрылғыларды жобалау мен алғашқы үлгілерін жасаудан бастап, сынақтан өткізуге, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерге дейінгі жұмыстар жүргізіледі. Орталықтың эксперименттік бөлімінде материалдардың қауіпсіздігі мен бактерияға қарсы қасиеттері де тексеріледі", - деп жазылған хабарламада.
Отандық импланттарды әзірлеу елімізде жоғары технологиялық медициналық өндірісті дамытуға бағытталған.