Цифрлық даму вице-министрі тағайындалды

0
708

Мәлік Олжабеков бұған дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.


Цифрлық даму вице-министрі тағайындалды

Үкімет қаулысымен Мәлік Серікұлы Олжабеков ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлік Олжабеков 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. КИМЭП университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы «Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы» АҚ кадрлық жұмыс және құжат айналымы бөлімінің менеджері қызметінен бастады.

2012-2017 жылдары - «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 2017-2019 жылдары - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасарының м. а.; төрағасының орынбасары.

2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болды.