Цой карантин кезінде той-думан өткізетіндермен күресудің жаңа әдісін айтты

0
1 430

Қазақстанда жылу картасы (тепловые карты) деп аталатын жаңа технология енгізіліп жатыр.


Цой карантин кезінде той-думан өткізетіндермен күресудің жаңа әдісін айтты

ERNUR.KZ. Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантиндік талаптарды сақтамай, той-думан және басқа да іс-шараларды өткізетіндермен қалай күресетіні туралы айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Министрдің сөзіне сенсек, Қазақстанда жылу картасы (тепловые карты) деп аталатын жаңа технология енгізіліп жатыр. Жаңа жоба ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

"Жылу картасын қолданудың қиындығы жоқ, барлық деректер әлсіздендірілген. Карта адамдар шоғырланған жерді анықтаса, ал мониторингтік топ қауіпті нүктенің қай жерде екенін көреді. Анықтау процесі ұялы телефон арқылы жүзеге асырылады. Яғни ұялы телефонның көмегімен карта адамдар шоғырланған жерді анықтайды, ал мониторинг тобы барып тексереді. Сол арқылы жасырын той және басқа да шаралардың өтіп жатқаны туралы білетін боламыз. Белсенді әрекет арқылы анықтап, оны болдырмаймыз", - деді Цой ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде аталған жаңа әдіс пилоттық түрде Алматы қаласында енгізілді. Және алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде қолға алынатын болады.

Айта кетсек, бүгін Мәжіліс отырысында депутат Дания Еспаева елде енгізілген карантиндік талаптар мен оның сақталуын қадағалайтын мониторинг топтарының қызметін сынға алған болатын.