Әлеуметтік желіде тараған видеода мемлкеттік тудың авторын білмеген студенттер ұятқа қалды. Сонымен қатар лектор Тұрсынбек Қабатовтың тарихты білмейтіндігін айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Әлеуметтік желіде қазақстандық оқу орнындарының біріндегі көңілге кірбің салған кездесудің видеосы пайда болды. Онда студенттерге патриоттық туралы лекция оқыған азамат мемлкеттік тудың авторын білмегендерді ұялтып тастады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Онысымен қоймай, лектор танымал актер әрі сатирик Тұрсынбек Қабатовты жерден алып, жерге салады. Әзілкеш әртістің тарихты білмейтіндігін айтып, оны "надан" деді.
Видеода көрініп тұрғандай, оқу орнында өтіп жатқан кездесуде сөз сөйлеген азамат екі студентті шығарып, оларға туды ұстатады да, отыған студенттердің бір-екеуінен мемлекеттік рәміздің авторын сұрайды. Бірақ студенттер жауап бере алмайды. Бұл жауапқа лектордың көңілі толмай, ол барша студенттерді елін сүюге, патриот болуға шақырды. Туды ата-баба тарихында қалай құрметтегені туралы да қызықты ақпараттар беріп өткен.
Лектордың сөзінше, студенттер түгіл полиция қызметкерлерінің көбі қызметтік куәлігінің сыртындағы елтаңбаның авторын білмейді.
Лектордың айтқандары тек бұл ғана емес, ол ардагерлерді сыйлап, құрметтеу жөнінде және Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев туралы да айтады.
Видео әлеуметтік желіден алынды