Туған балалары үйден қуып шыққан: Қостанай облысында инсульт алған кейуана бір ай бойы вокзалда түнеген

0
1 018

Көшеде қалған анаға еріктілер көмектесуге тырысып жатыр.


Туған балалары үйден қуып шыққан: Қостанай облысында инсульт алған кейуана бір ай бойы вокзалда түнеген

ERNUR.KZ. Қостанай облысында балалары туған анасын көшеге қуып шыққан. Туыстары сыртқа тепкен кейуана осылайша баспанасыз қалған. Жақында ғана инсульт алып жүріп-тұруы қиындаған әйел бір ай уақыт бойы темір жол вокзалында күнелткен, деп жазады Stan.kz.

Валентина есімді әжейдің төрт баласы бар. Олардың қарым-қатынастары қиын болған, бірақ анасына балаларының бұлай жасауының нақты себебін анықтау қиын. Туыстары да онымен сөйлеспейді. Көшеде қалған анаға еріктілер көмектесуге тырысып жатыр.

"Әйел осында орындықтардың үстінде ұйықтаған, біздік еріктілер келіп, оны тамақтандырып, бөлмесі бар орынға ауыстырды. Алайда ол жерде ұзақ уақыт бола алмайды, әжей бір күн түнеп, қайтадан осында – вокзалға оралған", - дейді волонтер Ольга Сверетюк.

Жергілікті тұрғындар үйінен қуылған анаға мезгіл-мезгілімен тамақ беріп отырады. Әйелдің қолында барлық құжаттары бар. Ол үйінен өз еркімен кетіп қалуы да ықтимал.

"Қызым ренжітеді дейді, бірақ біз мұның қаншалықты шындық екеніне көз жеткізе алмаймыз. Ол әрқашан ұқыпты болып жүреді, сөмкесіндегі заттар да жинақы салынған. Ешқашан ішімдік ішкенін көрген емеспіз", - дейді ерікті Ольга.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бұл оқиғаны қолға алғанын, бірақ әзірге уақытша нұсқаны ұсынғанын айтты.

"Ол өзі тіркеуде тұрған ауылдың әкімі келіп, әйелді қонақүйге орналастырды. Қонақүйде бір күн түнеген соң Федоровка ауылындағы жеке интернатқа апарамыз", - деп түсіндірді Қостанай облысы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарма бастығының орынбасары Әлия Мекебаева.