Бүгін, 12 желтоқсан актердің туған күні.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Абақтыдан шыққан актер Асқар Жұмабек туған күнінде халыққа алғысын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Осы видеоны алғыс айту ретінде түсіріп отырмын. Осы күнге дейін менімен бірге болып, қолдап келдіңіздер. Маған тілеген лебіздеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын. Босап шығуым ең бірінші Алланың арқасында, одан кейін әке-шешемнің және сіздердің дұғаларыңыздың арқасында деп білемін. Бүгін менің туған күнім. Осының өзі жақсы сыйлық болды. Мені қолдайтын халық бар екеніне мен өте қуатты қуаныштымын. Мен сіздермен мақтанамын», - дейді Асқар Жұмабек.
Еске салсақ, танымал актер былтыр қазан айында ұсталып, Алматы қаласындағы №2 Бостандық ауданы сотының шешімімен сотталған болатын. 2022 жылдың 28 желтоқсанында Алматы қаласындағы караоке-барлардың бірінде қонақтар мен мекеме қызметкерлері арасында жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан. Оның ішінде белгілі актер Асқар Жұмабек те болған.