Тұман, жаңбыр және қар: Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жасалды

0
1 164


Тұман, жаңбыр және қар: Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жасалды

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" синоптиктері ертең, 20 қазанда елдің сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп жазадв Tengrinews.kz.

Ақтөбе облысының шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман.

Қостанай облысының басым бөлігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында көктайғақ, тұман болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күн жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Облыстың шығысында тұман түседі, облыстың батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысының орталығында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында да тұман түседі.