Тұмсығы қан-жоса: Атырауда итті аяусыз ұрған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
86

Полиция қызметкерлері келген кезде ол қарсылық көрсетіп, заң талаптарына бағынбаған.


Тұмсығы қан-жоса: Атырауда итті аяусыз ұрған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

фото: Sputnik / Константин Чалабов

ERNUR.KZ. Атырауда әйел ауласында байлаулы тұрған итін аяусыз ұрған, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 31 наурызда сағат 17:30 шамасында болған.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда әйел ауласында тұрған итті күрекпен аяусыз ұрып жатқаны түсірілген. Соққыдан жануардың тұмсығы қан-жоса болған.
"Итті ұрған - 39 жастағы әйел. Полиция қызметкерлері келген кезде ол қарсылық көрсетіп, заң талаптарына бағынбаған. Полиция қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді полицияда.
Әйелге қатысты жануарға қатыгездік көрсету фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Ит ол үйден басқа жерге жеткізіліп, қажетті ветеринарлық көмек көрсетілген.