40 жастағы жүргізушіні қауіпсіздік жастығы сақтап қалған.
ERNUR.KZ. Тамыздың 14-іне қараған түні СҚО-ның Қызылжар ауданында "Scoda Superb" маркалы автокөлік күтпеген жерден жолға шығып кеткен маралды қағып кетті, деп жазады zakon.kz.
Жол-көлік оқиғасы шамамен түнгі сағат 00.10-да Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолының 466-шы шақырымында, Бескөл ауылының тұсында орын алды.
Жүргізуші, 40 жастағы астаналық тұрғын еш жарақат алған жоқ, оны қауіпсіздік жастығы сақтап қалды. Соққыдан автокөлігі зақымданып, оны алып кету үшін арнайы техника шақыртуға тура келді. Жануар оқиға орнында жан тапсырды.