Депутаттар 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауды ұсынды.
ERNUR.KZ. Тиісті заң жобасы бүгін төменгі палатаның жалпы отырысында қаралады, деп жазады sputnik.kz.
Атап айтқанда, 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылады.
Сондай-ақ 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні ретінде белгіленеді.
Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болады.
Тиісті заң жобасын депутаттар 7 қыркүйекте мәжілістің жалпы отырысында қарайды.