Оқиға Қостанайдағы түнгі клубтардың бірінде болған.
ERNUR.KZ. Қостанайда түнгі клубтардың бірінде полиция қызметкерлерінің арасында төбелес шықты, деп хабарлайды sputniknews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 2 қазан күні Қостанайдағы түнгі клубтардың бірінде болған. Барлығы 4 ер адам – бұрынғы полиция қызметкері мен үш сержант қызметтен тыс уақытта төбелесіп қалған.
"Жәбірленуші жеңіл дәрежедегі дене жарақатын алды. Пышақ қолданылған жоқ", -делінген ІІД таратқан хабарламада.
Қазір бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.
ІІД бастығының бұйрығымен төбелеске қатысқандардың барлығы жұмысынан шығарылды.