"Тұра алмас едік": Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері қуанышын бөлісті

0
149

Олардың қуанған сәтін қоғам белсендісі Аружан Саин желіде бөлісті.


ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге тыйым салғаннан кейін тәрбиелеуші балалар қуанышын бөлісті, деп жазады baq.kz.

Олардың қуанған сәтін қоғам белсендісі Аружан Саин желіде бөлісті.

Мен бұл жерге (Қонаевқа) келгенде ұзаққа қаламыз, кетпейміз деп ойладым. Бәрі қиын болады деп ойлаған едік. Бірақ Президент бізді естіді. Көмектескендерге рақмет. Бізді естіп, тастамай, қолдағандарыңыз үшін алғыс. Егер қолдау болмағанда, біз мұнда тұра алмас едік. Мен осында қалатынымыз үшін дұға еттім. Қасым-Жомарт Кемелұлына, Президент Аппаратына үлкен алғыс, – деді балалар үйнің тәрбиеленушісі.

Олар осы балалар үйінен не ауцсқцсы келмегенін жеткізді.

Мен осы балалар үйінде 10 жыл тұрамын. Алматыда бұдан жақсы балалар үйі жоқ деп сеніммен айтамын. Әр бала отбасымен тұра алмайды. Кейбір балалар өзге отбасыға барғысы келмейді. Сол кезде олар үшін бұл үй – өз үйі. Сондықтан мұндай мемлекеттік мекемелерде балалар өздерін қауіпсіз әрі бақытты сезінуі керек, – деді жасөспірім.

Аружан Саин бұл мәселе ары қарай да назарда болатынын айтты.

Бүкіл процесті прокуратурамен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен (қазір атауы өзгерген), қаржы мониторингі агенттігімен бірге тексереміз. Балалардың құқықтарын бұзғандар жауапқа тартылуы тиіс. Біздің балалар үйіндегі жағдай — бұл жай ғана оқиға емес, – деді Аружан Саин.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаевқа көшіруге тыйым салды.