Тұрғын үйдің кіреберіс терезесінен далаға қарап дәрет сындырған ер адам қамауға алынды

0
132

Ер адамның қоғамдық тәртіпті бұзған видеосы әлеуметтік желілерде тараған


Тұрғын үйдің кіреберіс терезесінен далаға қарап дәрет сындырған ер адам қамауға алынды

фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Астанада тұрғын үйдің кіреберіс подъезд терезесінен далаға кіші дәрет сындырған ер адам қамауға алынды, деп жазады sputnik.kz.
Ер адамның қоғамдық тәртіпті бұзған видеосы әлеуметтік желілерде тараған.
Сот хабарлауынша, 2026 жылдың 24 тамызында сағат 00:30-да ер адам тұрғын үйдің баспалдақ алаңында болып, кіреберіс (подъезд) терезесінен көшеге қарап тұрып кіші дәрет сындырған.
Жаза тағайындау кезінде сот әрекеттің сипатын, қоғамға деген құрметсіздікті және әлеуметтік желілердегі оқиғаның жариялылығын ескерді.
Сот қаулысымен Ж. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.