​Түркістан облысының аудан, қалаларында кәсіпкерлікті үйрету бойынша семинарлар өтіп жатыр

0
551

Мақсат – кәсіпкерлердің түйткілді де, келелі мәселелерін талқылау және мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге ұсынылатын қаржылай қолдауларды кеңінен насихаттау.


​Түркістан облысының аудан, қалаларында кәсіпкерлікті үйрету бойынша семинарлар өтіп жатыр

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен аудан, қалаларда тұрғындарға кәсіпкерлікеке көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар мен жеңілдіктерді түсіндіру, таныстыру жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Н.Иманқұлов бастаған топ Отырар ауданына арнайы барып, кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша семинар-кеңес өткізілді. Мақсат – кәсіпкерлердің түйткілді де, келелі мәселелерін талқылау және мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге ұсынылатын қаржылай қолдауларды кеңінен насихаттау.

Басқосуға Отырар ауданы әкімінің орынбасары Е.Оралбай, «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы КММ-нің басшысы С.Курбанов, осы орталықтың Отырар аудандық бөлімнің басшысы А.Тулимбетов, «Атамекен» ҰК палатасының аудандық филиал директоры Ұ.Абдрахимов қатысты. Кездесулер барысында 100-ге жуық жергілікті шағын және орта бизнеспен айналысатын жергілікті кәсіпкер мен тұрғын қамтылды.
Өткізілген басқосуда тұрғындар мен кәсіпкерлер кәсіп ашу үшін жеңілдетілген несиелер беру мәселесіне ерекше тоқталды. Отырар ауданы ауыл шаруашылығына қолайлы аграрлы аймақ екені, сол мүмкіндік пен артықшылықты толық пайдалану қажеттілігіне баса назар аударылды. Осы кәсіптері арқылы кәсіп иелерінің отбасына табыс көзі кіретіні және бірнеше азамматтың жұмыспен қамтуға қол жеткізетіні айтылып өтті. Сонымен қатар кәсіпкерлер мен тұрғындарға тек қана кәсіп ашып оны дамыту емес, тұрғындардың қажеттіліктеріне байланысты «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы КММ-нің Отырар аудандық бөлімі арқылы көмек алуға болатыны айтылды. Аталған орталық құжаттарды әзірлеуге көмектеседі.
Айта кетейік, Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы бизнес-климат қалыптасқан. Облыс екінші жыл қатарынан бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингісінде және «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша республика бойынша 1-ші орында тұр.
Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы осындай семинарларды Төлеби және Ордабасы аудандарында да жалғастыруда. Алдағы уақытта барлық аудан, қала қамтылмақ.