Түркістанның тумасы Сауд Арабиясында қамауға алынды

0
1 529

«Ділмурат Абу Мухаммад» атымен интернет желісінде танымал болған


Түркістанның тумасы Сауд Арабиясында қамауға алынды

ERNUR.KZ. Түркістан облысының тумасы Сауд Арабиясында қамауға алынды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Елімізде деструктивті салафилік діни ағым уағыздаушыларының белді мүшесі, заңсыз миссионерлік қызметпен айналысып келген Сарыағаш ауданының тумасы Ділмурат Махаматов Сауд Арабиясы Королдігі құқық қорғау қызметкерлері тарапынан тұтқынға алынды. Ол сол елде отырып интернет желісі арқылы Қазақстан азаматтарына заңсыз уағыз жүргізген»,- делінген Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ділмурат Махаматов «Ділмурат Абу Мухаммад» атымен интернет желісінде танымал болған. Ол елімізде ұлттық, нәсілдік алауыздықты қоздыру бабымен айыпталып отыр.