Бүгінде барлау-соққы беру ұшқышсыз басқарылатын Wing Loong және Skylark барлаушы ұшу аппараты қызмет етіп жатыр.
Фото: Қорғаныс министрлігі
ERNUR.KZ. 2024 жылы Қазақстан армиясының құрамалары мен әскери бөлімдерінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерінің бөлімшелері құрылды, деп жазады inform.kz.
Бүгінде барлау-соққы беру ұшқышсыз басқарылатын Wing Loong және Skylark барлаушы ұшу аппараты қызмет етіп жатыр. Қазіргі заманғы түріктің ұшқышсыз басқарылатын ANKA аппараты тәжірибелік әскери сынақтардан сәтті өтіп, пайдалануға берілді.
Сарапшылар ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланудың халықаралық тәжірибесін белсенді түрде зерделеу үстінде. 2024 жылы ҰҚК Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның 159 әскери қызметкері мен 24 қызметкері оқудан өтті. Жыл сайын орта есеппен 200-ге дейін адам оқытылып жүр.
Екіжақты әскери ынтымақтастық аясында Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркияда өтіп жатқан SAHA EXPO-2024 халықаралық көрмесіне барды, онда Baykar Defence компаниясының бас директоры Халук Байрактармен келіссөздер жүргізілді.
Тараптар біздің еліміздің аумағында тактикалық ұшқышсыз авиациялық жүйелер мен жедел ұшатын оқ-дәрілерді өндіруді локализациялау мәселесі бойынша жол картасын әзірлеуге келісті.
Кейін Ыстанбұл мен Анкараға сапары барысында Қазақстанның әскери делегациясы BAYKAR, HAVELSAN, ASELSAN және TRANSVARO компанияларының зауыттарын, өндірістік цехтарын, конструкторлық бюроларын аралап, олардың өнімдерімен жан-жақты танысты.
Corlu және Kesan оқу-сынақ полигонында түрік мамандары Bayraktar AKICI, Bayraktar TB3, Bayraktar TB2, Bayraktar Kalkan ұшқышсыз авиациялық жүйелері мен Mosquito-X оқ-дәрілерінің практикалық көрсетілімін өткізді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша түрік тарапының Қазақстан Қарулы Күштерін әскери сынақтар өткізу үшін Bayraktar Kalkan, Bayraktar Mini ұшқышсыз басқарылатын авиациялық аппараттар және Mosquito-X оқ-дәрісімен тегін қамтамасыз ету ниетін растайтын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі делегациясы мен BAYKAR компаниясы арасындағы жұмыс кездесуінің хаттамасына қол қойылды.
Сонымен бірге, ұшқышсыз авиацияға қарсы іс-шаралар әзірленіп, зерттелу үстінде.