Түркия үкіметі су тасқынымен күресте Қазақстанға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

0
427

Бұған дейін Қырғыз Республикасы Қазақстанға 300 тонна гуманитарлық көмек жібергенін жазған болатынбыз.


Түркия үкіметі су тасқынымен күресте Қазақстанға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Түркия Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты Түркия үкіметі қазақ халқына жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

«Қазақстанның түрлі аймақтарындағы су тасқыны жағдайының салдарын өкінішпен қабылдадық», - деп хабарлады Түркия Сыртқы істер министрлігі.

Су тасқыны үлкен шығын әкеліп, су басқан аймақтарда тұратын қазақстандықтарды эвакуациялауға мәжбүр етті.

Қазақстан халқы мен үкіметіне шын жүректен тілектестігін жеткізген министрлік су тасқынымен күресте Түркия Қазақстанға кез келген көмекті көрсетуге дайын екенін айтты.

Бұған дейін Қырғыз Республикасы Қазақстанға 300 тонна гуманитарлық көмек жібергенін жазған болатынбыз.