Түркияда бұрын-соңды болмаған қар жауды

0
208

Аксеки-Сейдишехир жолында орналасқан Аладжабел асуын қалың қар басып қалған.


Түркияда бұрын-соңды болмаған қар жауды

ERNUR.KZ. Түркияның Анталья қаласында кенеттен күн күрт суытып, бұрын-соңды болмаған қар жауды, деп жазады baq.kz.

Trthaber.com таратқан мәліметке сүйенсек, қала ішінде жауын-шашын толассыз жауса, таулы аймағында 30 сантиметрге дейін қар басқан.

Аксеки-Сейдишехир жолында орналасқан Аладжабел асуын қалың қар басып қалған. Түнде ауа температурасы нөлден төмен түсіп, толассыз қар жаууы күшейе түскен. Салдарынан жолдар жабылып, коммуналдық қызметтер үздіксіз жұмыс істеуге көшті.

Көктемде табиғаттың "мінез көрсетуі" Түркияның оңтүстік өңірлерінің өзінде де ауа райы күтпеген жерден өзгеруі мүмкіндігінің бір дәлелі болып отыр. Жергілікті билік коммуналдық қызметтер үнемі дайындықта болуы қажеттігін айтты.