Түркияда ірі жол апатынан қазақстандықтар зардап шекті - жергілікті БАҚ

0
387

Ресейлік және қазақстандық туристер мінген шағын автобус жол апатына ұшырағаны хабарланды.


Түркияда ірі жол апатынан қазақстандықтар зардап шекті - жергілікті БАҚ

ERNUR.KZ. Түркияда ірі жол апаты болды. Жергілікті ақпарат құралдары мәліметінше, кем дегенде 13 турист жарақат алған. Олардың арасында қазақстандықтар мен ресейліктер бар, деп жазады tengritravel.kz.

Жаңалық 8 тамызда жарияланған. Ресейлік және қазақстандық туристер мінген шағын автобус жол апатына ұшырағаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апат салдарынан 13 турист зардап шеккен.

"Апат бүгін таңертең сағат 07:00 шамасында Миляс пен Бодрум арасындағы жолда болды. Жүргізуші Е.Й. тізгіндеген жүк көлігі, ресейлік және қазақстандық туристер отырған А.К. тізгіндеген шағын автобусқа соқтығысқан", - делінген басылым хабарламасында.

Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция және өртсөндірушілер келген.

Медициналық топтар жарақат алған 13 туристті емдеу үшін Миляс ауруханаларына жеткізді. Полиция жол апатына қатысты тергеуді бастады.

Tengri Travel бұл ақпаратты растау үшін Сыртқы істер министрлігіне хабарласты.