12 азаматтың екеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың Аланияда апатқа ұшырауына қатысты түсініктеме берді, деп жазады ulysmedia.kz.
“Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде таңертең Аланияда Қазақстанның 12 азаматын тасымалдаған шағын автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Түрік полициясынан алынған алдын-ала мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі жүк көлігіне жоғары жылдамдықпен кірген. Соқтығысу салдарынан зардап шеккендер бар, олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Азаматтарымыздың денсаулығының барлық жағдайлары мен жай-күйін анықтау үшін қазақстандық консул дереу Аланияға барып, медициналық мекемелерге барып, зардап шеккен отандастарымызбен кездесті”, – делінген хабарламада.
12 азаматтың екеуінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
“Оларға ота жасалды, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Қалған 10 отандасымыздың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық, өмірлеріне қауіп төнңп тұрған жоқ. Барлығының медициналық сақтандыруы бар”, – деп мәлім етті ведомство.
Еске салайық, бұдан бұрын Түркияның Алания курортында қазақстандық туристер мінген шағын автобус апатқа ұшырағаны хабарланған.