Аланияда қазақстандық туристер мінген автобус жүк көлігіне соғылып, 2 адам көз жұмған болатын.
ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда жол апатынан жарақат алған қазақстандықтар туралы айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.
Апталық брифингте тілшілер Түркиядағы жол апатынан зардап шеккендер туралы сұрады.
«Олардың көпшілігі Қазақстанға оралды. Енді бір адам ауруханада жатыр. Қалғандарының жағдайы бірқалыпты», - деп жауап берді Айбек Смадияров.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Аланияда қазақстандық туристер мінген автобус жүк көлігіне соғылып, 2 адам көз жұмғаны хабарланған еді.
Ауыр жарақат алған екі қазақстандық Түркия ауруханасында көз жұмды.
Барлық медициналық және репатриациялау шығындары сақтандыру компаниясының есебінен төленген.