Түркияның бас консулы маңғыстаулықтарға алғыс білдірді

0
937

Гуманитарлық көмектің алғашқы легі «Turkish Airlines» әуе компаниясы арқылы Ақтау - Ыстанбұл бағытында жіберілді.


Түркияның бас консулы маңғыстаулықтарға алғыс білдірді

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының тұрғындары зілзаладан зардап шеккен Түркия еліне 1,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді, деп жазады inform.kz.

Гуманитарлық көмектің алғашқы легі 11 ақпан күні таңғы сағат 07:40-та «Turkish Airlines» әуе компаниясы арқылы Ақтау - Ыстанбұл бағытында жіберілді.

«Тұрғындардың тарапынан өте көп көмек көрсетілді. Ақтау-Ыстанбұл рейсі ұшағына 1,5 тонна жүк тиелді. Барлығыңызға ризашылық білдіреміз», - деді Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Сабри Альптекин.

Бас консулдың айтуынша, ұшаққа сыйма қалған және тағы жиналған киімдер келесі рейстермен жолданатын болады.