Тексеру барысында бұл азаматтан өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат табылды.
ERNUR.KZ. Кептірілген марихуана лақтырмақшы болған азамат ұсталды, деп жазады Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/7 Түзеу мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері түскен мәліметтерге сәйкес, жедел іздестіру-шаралары барысында үйінде кептірілген марихуана сақтаған азамат құрықталды.
"Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас поселкісі Б.Момышұлы көшесінің тұрғыны Аладин Сулейманов бұл затты ЖД-158/7 мекемесінің негізгі қоршауы бойынша лақтырмақшы болғандықтан сақтағанын мойындап отыр" - делінген хабарламада.
Тексеру барысында бұл азаматтан өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат табылды. Жүргізілген сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша, аталған зат салмағы 1 кг 80 гр «кептірілген марихуана» екендігі анықталып отыр.