Тұрмыстық техника бір жылда 18%-ға қымбаттады

0
642

Қазақстандықтарды тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету жабдықтың түріне қарай да, тұрғылықты жеріне қарай да әртүрлі.


Тұрмыстық техника бір жылда 18%-ға қымбаттады

ERNUR.KZ. Тұрмыстық техниканың ішінде тоңазытқыштар мен мұздатқыштар – 15,8%, пештер – 17,2%, кір жуғыш машиналар мен ыдыс жуғыштар – 22%, шаңсорғыштар бағасы – 25,1%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстандықтарды тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету жабдықтың түріне қарай да, тұрғылықты жеріне қарай да әртүрлі.

Ұлттық статистика бюросы сауалнамасының мәліметтері бойынша, қазақстандықтардың тұрмыстық тауарлармен қамтамасыз етілуі келесідей бөлінді:

2021 жылы елдегі әр үй 100%-да пеш, 99,7%-да тоңазытқыш, 96,1%-да кір жуғыш машина, 94,1% - шаңсорғыш, 79,1% - микротолқынды пешпен қамтылған.

Келесі тұрмыстық техника бойынша қамтамасыз ету айтарлықтай төмен болды: мұздатқыш - 29,6%, мультипісіргіш - небәрі 28%, тігін машинасы - 27,9%, кондиционер - 24,1%, жылытқыш - 18,5%, ыдыс жуғыш машина - 3,4%.

2021 жылы сауалнамаға еліміздің барлық өңірлеріндегі 11,7 мың үй иесі қатысты. Қалада тұратын халықтың кір жуғыш машина, шаңсорғыш, микротолқынды пеш, мультипісіргіш, кондиционер, жылытқыш, ыдыс жуғыш машина сияқты тұрмыстық техникамен қамтамасыз етілу деңгейі ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын тоңазытқыш, мұздатқыш, тігін машинасымен қамтамасыз ету, керісінше, қала тұрғындарынан жоғары.

Елдегі 100 үйге орта есеппен 102 тоңазытқыш, 102 пеш, 97 кір жуғыш, 95 шаңсорғыш, 79 микротолқынды пеш, 30 мұздатқыш, 28 тігін машинасы, 28 мультипісіргіш, 26 кондиционер, 20 жылытқыш, 4 ыдыс жуғыш машинадан келеді. Қазақстандағы тұрмыстық техниканың басым бөлігі сырттан импортталады.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде небәрі 322 тұрмыстық тоңазытқыш пен мұздатқыш өндірілген. Бұл ретте сектордағы импорт 144,9 мың позицияны құрады. Сонымен қатар, бірінші тоқсанда Қазақстан Республикасына 150,8 мың кір жуғыш машина мен киім кептіруге арналған машина, 89,1 мың тұрмыстық шаңсорғыш, 181,9 мың араластырғыш, ұсақтағыш және т.б. жеткізілді, олар Қазақстанда өндірілмейді.

Биылғы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында бір жыл ішінде тұрмыстық техниканың бағасы 18,1%-ға өсті.

Бағаның өсуін ең алдымен Алматы облысының тұрғындары сезінді – жылдық динамика бойынша бірден 21,5%-ға. Қымбатшылық үдеп тұрған өңірлер қатарына Жамбыл (жылына плюс 20,7%) және Солтүстік Қазақстан (плюс 20%) облыстары бар.

Тұрмыстық техниканың ішінде тоңазытқыштар мен мұздатқыштар – 15,8%-ға, пештер – 17,2%-ға, кір жуғыш машиналар мен ыдыс жуғыштар – 22%-ға, шаңсорғыштар – 25,1%-ға қымбаттады.