Түзеу мекемелерінде 38 мыңнан астам бейнекамера орнатылды

0
493

Қылымыстық-атқару жүйесін цифрландыруға ерекше назар аударылып отыр.


Түзеу мекемелерінде 38 мыңнан астам бейнекамера орнатылды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сотталғандар мен қызметкерлердің ықтмал заңсыз әрекеттерін бақылауды және алдын алуды қамтамасыз ету үшін өткен жылдың соңында түзеу мекемелерінде жаппай бейнебақылау енгізу жобасы аяқталды. Бүгінгі таңда 38 мыңнан астам бейнекамера орнатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков ОКҚ брифингінде хабарлады.

Бейнекамералардан алынған суреттерді ҚАЖ комитеті және Бас прокуратура қызметкерлері көре алады. Ол үшін Комитетте ахуалдық орталық құрылды, оның операторлары тәулік бойы мекемелерде жазаны өтеу тәртібінің сақталуына мониторингті жүзеге асырады.

«Бейнебақылаудың арқасында жоба енгізілген сәттен біз 21 мыңнан астам ұстау режимінің бұзылуын анықтадық. 47 суицид және 4 қашу әрекетінің алды алынды. 9 жанжалды жағдайдың топтық төбелеске айналуына жол берілмеді. Сонымен қатар бірқатар сотталғандар өздерінің заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында бейнекамераларды қасақана зақымдайды. 2023 жылдың өзінде 716 бейнекамера зақымдалды. Осыған байланысты, барлық жағдайды зерделеп, қасақана бүлдіргені және жойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Заң кеше ғана күшіне енді», – деді спикер.

Бұл ретте бейнекамераларды жою үшін жауапкершілік арнайы контингентге де, қызметкерлерде де көзделген. Баптың санкциясы бейнекамераларды бүлдіргені үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Жалпы, жүргізілген бақылау мен бейнемониторингтің профилактикалық әсері мекемелердегі жедел жағдайға оң әсер етеді.