Бастапқыда бүтін секілді көрінген кондитерлік өнім арнайы құрылғы- металлодетектормен тексеру барысында сыр берді.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінің тексеру тобы мекемеге тыйым салынған затты өткізу дерегінің жолын кесті, деп жазады polisia.kz.
Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтың туысқаны әкелген сәлем-сауқаттың, атап айтқанда торттың ішіне жасырылған ұялы телефон табылып, тәркіленді.
Бастапқыда бүтін секілді көрінген кондитерлік өнім арнайы құрылғы- металлодетектормен тексеру барысында сыр берді. Торт сыйлық жеткізілген сотталған азаматтың көз алдында туралып, оның ішінен тыйым салынған зат – су жаңа ұялы телефон алынды.
Бұл факт бойынша сотталғанды және “тәтті сыйлықты” жеткізген азаматты жауапкершілікке тарту үшін тиісті тексерулер жүргізілетін болады.