ТЖМ диспетчері көпірден секірмек болған жасөспірімді құтқарып қалды

0
827


ТЖМ диспетчері көпірден секірмек болған жасөспірімді құтқарып қалды

ERNUR.KZ Құтқару қызметінің диспетчері жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне кедергі жасады, деп жазады kaz.inform.kz.




Бүгін таңғы сағат 9-да Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне аспалы көпірден секіріп, суицид жасағысы келген жасөспірімнен хабарлама келді.

Бұл қоңырауды азаматтық қорғау кіші сержанты Айжан Каленова қабылдады, ол полиция қызметкерлері келгенге дейін әңгіме барысында балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті, сол арқылы суицид әрекетіне кедергі жасады.