ТЖМ жаңа ресми өкілі тағайындалды

0
782

1977 жылы Қарағанды ​​облысының Қарқаралы ауданында туған.


ТЖМ жаңа ресми өкілі тағайындалды

ERNUR.KZ. Жанна Дәуренбекова ТЖМ жаңа ресми өкілі болып тағайындалды, деп жазады baq.kz.

Азаматтық қорғау подполковнигі Дәуренбекова Жанна Әлімбекқызы 2005 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында қызмет етіп келеді.

1977 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша және академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша бітірген.

Қызмет еткен жылдары Қарағанды облысы ТЖД және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ТЖ комитетінің баспасөз қызметтерінде қызмет етті.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметін басқарды.

ТЖМ, Қарағанды облысы әкімінің және Журналистер одағының ведомстволық наградаларымен марапатталған.