210 мыңнан астам талапкер бақ сынаған.
Фото: testcenter.kz
ERNUR.KZ. Қазақстанда 2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің негізгі кезеңі аяқталды. 210 мыңнан астам талапкер тест тапсырды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Тест тапсыру тілі бойынша:
- 76,5% – қазақ тілінде,
- 23,5% – орыс тілінде,
- 149 адам – ағылшын тілінде тапсырған.
Екі мәрте мүмкіндік және ең жоғары нәтиже
- Талапкерлерге тестілеуді екі рет тапсыруға мүмкіндік берілді.
- Грантқа үміткерлер үшін ең жоғары балл есепке алынған.
- Барлығы 381 мың тестілеу рәсімі жүргізілген.
- • Орташа балл – 69.
- Ең жоғары 140 балды Түркістан облысынан Абильхан Жәнібек бірінші аптада жинады.
- 130 балдан жоғары нәтиже көрсеткендер саны – 598 адам.
Ерекше қажеттіліктер және апелляциялар
- 681 ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерге арнайы жағдай жасалған.
- Тестілеу электронды форматта өтті – бұл процестің ашықтығын қамтамасыз етеді.
- Апелляцияны онлайн түрде беруге болады.
- Биыл 92 мыңнан астам апелляциялық өтініш қабылданып, 104 тест сұрағына қатысты өзгеріс енгізілген.
- Барлық сертификат талапкерлердің жеке кабинетінде қолжетімді.
Тәртіп бұзу деректері мен нәтижені жою
- ҰБТ кезінде 711 тәртіп бұзу дерегі тіркелген.
- Ең жиі кездесетін бұзушылықтар:
– смартфон,
– смарт-сағат,
– микроқұлаққап,
– шпаргалка алып кіру әрекеті.
• Нәтижесінде:
– 326 адам тест тапсырудан шеттетілді,
– 380 адам аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды.
– Кейін бейнебақылау негізінде тағы 5 адамның жұмысы жарамсыз деп танылған.
«Бейнежазбаларды талдау 31 қазанға дейін жалғасады. Бұл барлық қатысушылар үшін әділдік пен объективтілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – делінген министрлік хабарламасында.