ҰБТ-да 100 балл алған түлектер ІІМ арнаулы оқу орындарына конкурстан тыс түседі – қаулы жобасы

0
482

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған ішкі істер министрінің бұйрығының жобасынан белгілі болды.


ҰБТ-да 100 балл алған түлектер ІІМ арнаулы оқу орындарына конкурстан тыс түседі – қаулы жобасы

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі мектеп түлектерін ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ынталандыру мақсатында бірқатар азаматтардың санатына конкурстан тыс оқуға қабылдау мүмкіндігін беруді жоспарлап отыр, деп жазады Inbusiness.kz.

Мұндай басымдық келесі санаттарға беріледі:

"Алтын белгі" иегерлері;

ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған түлектер;

қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары;

Ұлттық ұлан қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген кандидаттар.

Бұл санаттарға жататын азаматтар дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсырмайды және оқуға конкурстан тыс қабылданады.

Жеңілдіктер ішкі істер органдары қатарына эрудитті полицейлермен кадрларды жинақтау мен үлгерімі үшін оқудан шығарылған курсанттардың санын азайту үшін жасалады" делінген бұйрық жобасының түсіндірме жазбасында.

Ал жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және соңғы үш жылдағы спорттық жарыстардың жеңімпаздарына конкурс аясында басымдық беріледі.

Бұйрық жобасын жария талқылау – 3 шілдеге дейін.